ІС-ШАРАЛАР

 

6 мамыр күні сағат 11:00-де "Бизнес-технологиялар" кафедрасы Маркетинг және Логистика мамандықтарының биылғы жылы шығатын бакалавр түлектері үшін Кәсіптік бейімділік бағытындағы онлайн кездесу өткізді. Бүкіл әлемде болып жатқан қиын уақытта, өзін-өзі оқшаулау жағдайында, Бизнес-технологиялар кафедрасы 4-курс студенттерге үйден шықпай-ақ, «Қабылдау комиссиясының» Хатшысының орынбасары Б. Ж. Сапровпен кездесіп, онлайн режимінде магистратураға құжаттар тапсыру бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға үлкен мүмкіндік берді.  Кездесу барысында магистратураға қабылдау талаптары туралы, қажетті құжаттар мен былтырғы енгізілген кәсіби пән бойынша емтиханның тест түрінде өткізілгендігі туралы түсінік берді. Онлайн кездесу Зум платформасында өтті.

Ағымдағы оқу жылының болашақ түлектерін аса қызықтыратын келесідей сұрақтар қызықтыратыны белгілі болды:

1. Магистратура қандай артықшылықтар береді?

2. Магистр дипломы бакалавриаттан айырмашылығы неде?

3. Магистратураны бітіргеннен кейін бакалавр дипломы беретін маман тізімдері толығады ма? Магистратурадан кейін олар кім болып жұмыс істей алады?

4. Магистратураға түсу үшін емтихан түрі қалай өткізіледі?

5. Магистратураға даярлаудың 1жылдық және ғылыми бағыттары арасындағы айырмашылық және т. б. мәселелер.

Кездесуді ұйымдастырушылар: аға оқытушы Асқаров Ғ. А. және 1-курс докторанты Белғожақызы М.

6 МАМЫР, САҒАТ 11: 00-ДЕ БИЗНЕС-ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛУГЕ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП АЛУҒА БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ СҰРАҚТАР ҚОЙЫП, БАКАЛАВРИАТТЫ СӘТТІ АЯҚТАҒАННАН КЕЙІН БІЗГЕ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ КЕЛ!
ОНЛАЙН кездесу қонағы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары. САПАРОВ Б. Ж.
Ұйымдастырушылар: аға оқытушы Аскаров Г. А. және 1-курс докторанты Белгожакызы М.
 

"Бизнес-технологиялар" кафедрасының басшылығы: кафедра меңгерушісі, э.ғ. к., доцент Ахметова З. Б., кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, т. ғ. к. Ахметкалиева С. К., ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары доктор (PhD), э. ғ. к., доцент Товма Н. А. және кафедраның аға эдвайзері Маликова Р. М. 2020 жылдың 29 сәуір күні сағат 14.00-де ZOOM платформасында студенттер және магистранттармен онлайн кездесу ұйымдастырды. кездесуде талқыланған дипломдық және магистрлік жұмыстарды қорғауға қатысты пайдалы ақпараттармен және сессияның онлайн өту барысы туралы толғандыратын сұрақтармен өте мазмұнды өтті. Қызығушылық танытқан сұрақтардың басым бөлігі:

- онлайн емтихандардың прокторингі жүйесінің жұмысы туралы;

- емтихан кезінде студентте болуы мүмкін форс-мажорлық жағдайлар туралы;

- мемлекеттік емтихандарды өткізу форматы және оны болдырмай, орташа қорытынды бағамен белгілеп жабу мүмкіндігі туралы;

- дипломдық және магистрлік жұмыстарының антиплагиат базасында тексеру жүйесі туралы;

- бітіру жұмыстарын қорғау түрі және т. б. сұрақтар қойылды.

Онлайн кездесу кафедра студенттері мен магистранттарының көптеген толғандырған сұрақтарына нақты түсініктеме берді. Нәтижесінде, Бизнес-технологиялар кафедрасының студенттері өте риза және кафедраға алғыстарын білдірді.

Ұйымдастыру бойынша жауапты тұлға: оқытушы, 1-курс кафедрасының докторанты Белғожақызы М.

 

 Бизнес-технологиялар кафедрасының студенттері мен магистранттары назарына!
Бизнес-технология кафедрасының басшылығы: кафедра меңгерушісі, э.ғ. к., доцент Ахметова З. Б., кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Т. ғ. к. Ахметкалиева С. К., ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары доктор (PhD), Э. ғ. к., доцент Товма Н. А. және кафедраның аға эдвайзері Маликова Р. М. 2020 жылдың 29 сәуірінде сағат 14.00-де ZOOM платформасында емтихан сессиясын өткізу және дипломдық жұмыстар мен диссертацияларды қорғауды олайн режимде өткізу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сол мәселе төңірегіндегі барлық сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастрыу жұмыстарына жауапты: кафедра оқытушысы және 1-курс докторанты Белғожақызы М.

"Экономика және бизнес Жоғары мектебі" факультетінде 2020 жылдың 6 сәуірінде студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық конференциясы өтті. "Бизнес-технологиялар" кафедрасы "Жібек жолы контекстіндегі экономикалық белдеудің көліктік-логистикалық инфрақұрылымның және маркетингтік қызметтерінің перспективалық бағыттары "атты секция бойынша конференция ұйымдастырып, өткізді. Аталған секция бойынша көліктік-логистикалық инфрақұрылым мен маркетингтік қызметтер, жүк тасымалының сапасы мен даму үрдісі, заманға сай цифрлы көлік дәліздерін құру, отандық көлік компаниялары сапасының төмен деңгейі және т. б. мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстары тыңдалды.

Үздік баяндамалар үшін 1,2,3 орындар берілді, сонымен қатар басқа жұмыстардан ерекшеленгендігі үшін түрлі номинациялар да берілді. Секция жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!

    
 

"Бизнес-технологиялар" кафедрасы 2020 жылдың 19-20 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ауқымды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Қазақ ұлттық университетінің тарихында алғаш рет Scopus халықаралық деректер базасында индекстелетін "Business technology for a sustainable environmental system BTSES -2020"атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Барлық қабылданған жұмыстар E3S Web of Conferences журналында толық мәтін түрінде жарияланды. E3S веб-конференциясы SCOPUS, Web of Science индекстеледі. Бұл 7 шет елден (АҚШ, Италия, Испания, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия) 117 ғалымдардың қатысуымен өткен алғашқы ауқымды конференция. Конференция жұмысы қазіргі таңда ең өзекті мәселелерді қамтитын 9 секция бойынша өтті:

1) Қоршаған ортаның жаһандық өзгеруі және қоршаған ортаны басқару,

2) орнықты даму мүддесіндегі әріптестік,

3) тұтыну мен өндіру үшін жауапкершілік,

4) өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым,

5) тұрақты қалалар мен қоғамдастықтар,

6) лайықты еңбек және экономикалық өсу,

7) қолжетімді және таза энергия,

8) таза су және санитария,

9) сапалы білім беру.

Секциялар жұмысының нәтижелері бойынша тұрақты экологиялық жүйе үшін бизнес-технологияларды тиімді қолдануға, кедейшілікті жоюға, ғаламшардың ресурстарын сақтауға және әл-ауқатты қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсыныстар берілді.

 

 

Короновирус пандемиясының қаупі бойынша елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, белгіленген жоспарға сәйкес 2020 жылдың 27-наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Бизнес-технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ЖОО студенттері арасында «Күшті аймақтар – күшті мемлекет: маркетолог көзқарасы» тақырыбында XiI Республикалық пәндік олимпиадасы онлайн түрде өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның 4 өңірінің 6 ЖОО-нан 7 топ қатысты. Олимпиада әділқазылар алқасына кафедра оқытушылары мен жұмыс берушілер «UP Consulting» ЖШС бас директоры А. Серікбекұлы, «НПЦ ID-GROUP» ЖШС бас директоры Г.А. Шакирова қатысты. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Жеңімпаз топтар:

I орын – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «GreenMark» тобы, Алматы қ.;

II орын – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жусан» тобы, Шымкент қ. және Тұран университетінің «Titans of Turan» тобы, Алматы қ.;

III орын – Нархоз университетінің «Totally Spies» тобы, Алматы қ., Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Charlie’s Angels» тобы, Қарағанды қ. және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Уникальное торговое предложение» тобы, Нұр-Сұлтан қ.

 

 

 

«Қайырымдылық қоғам» және «Тазалық аумағы» жастар қозғалысының аясында «Логистика» мамандығының студенттері 02.21.2020 ж. әр түрлі кәсіп адамдарына көмектесетін игі істерге арналған «челлендж» өткізді. Студенттер қарды тазартуда коммуналдық қызметтерге көмек көрсетті, сонымен қатар ыстық сусындар мен бутербродтар таратып, адамдарға жағымды эмоциялар мен әсер сыйлады.

Авторы: э.ғ.к., Кажмуратова А.К

 

20 ақпан 2020 ж. «Логистика» мамандығының 3 курс студенттері Галяндин Владислав Евгеньевич және Махпиржанов Алимжан Әділжанұлы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті Орал филиалы ұйымдастырған «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сандық технологиялар: жастар көзқарасы» атты XVI-Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап, 1-ші орын алды.

Челябинск қаласы 

Автор: э.ғ.к., Кажмуратова А.К.

12 ақпан 2020ж әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында “Онлайн-курстары оқу үдерісіне біріктіру. Педагогикалық сценарий әзірлеу әдістемесі”атты мастер класс өтті.

Мастер-класс аясында пәндердің педагогикалық сценарийін әзірлеу, силлабуста оқыту нәтижелері, оларды сабақ түрлері мен білімді бақылау әдістері бойынша жобалау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың МООК платформасына пәндердің педагогикалық сценарийін бейімдеу мәселелері қарастырылды.

Мастер-класс жаттықтырушылары-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа білім беру технологиялары институтының директоры А. А. Мусинова, әдістемелік жұмыстар қызметінің жетекшісі Г. Т. Жақыпова, «Бизнес технологиялар» кафедрасының доценттері Ж.Т. Қожамқұлова және Э.Е. Баймуханбетова болды.

 

Мақала авторы: т.ғ.к., доцент Еділбаев Б.Т.

 
31.01.2020 ж. «2019 жылғы университеттің үздік оқытушысы» марапаты
 

31.01.2020 жылы «Бизнес-технологиялар» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы З.Б. Ахметованы Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор Сагиева Р.К. және профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары жетістікке жетуімен – «2019 жылғы университеттің үздік оқытушысы» атағының иегері атануымен салтанатты түрде құттықтады. Бұл атақ университет оқытушыларына ғылыми зерттеулер мен біліктілікті арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Зәуреш Болатханқызын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылыми және білім беру қызметінде одан әрі табыстар тілейміз!

Мақала авторы:

э.ғ.к., доцент Баймуханбетова Э.Е.
 30.01.2020 «Түлектердің моделін кезең-кезеңімен дамыту және білім беру бағдарламаларын үйлестіру әдістемесі»  

 

30.01.2020 жылы Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінде «Бизнес-технологиялар» каедрасының э.ғ.к., доценттері Кожамкулова Ж.Т. және Баймұханбетова Е.Е. «Оқыту деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларын үйлестіру аясында түлектердің моделін құру» тақырыбындағы шеберлік сыныбының «Түлектердің моделін кезең-кезеңімен дамыту және білім беру бағдарламаларын үйлестіру әдістемесі» атты бірінші бөлімін өткізді. Мастер-класс алдағы жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның дайындық кезеңі болып табылады.

 

Мақала авторы:

э.ғ.к., доцент Баймуханбетова Э.Е.

 

27.01.2020 әл-Фараби-1150 Мерей-тойы

 

 

 

 

 

 

«Жоғары оқу орындарының флагманы», қазақ білімінің қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген игі бастамалар мен жобалардың ұйымдастырушысы. Осы орайда кафедрамыздың студенттері қаңтардың 27-ші жұлдызында ректорымыз Ғалымқайыр Мұтановтың бастауымен «Айналаңды нұрландыр» жобасын қолдауға ат салысты. «Айналаңды нұрландыр» – айналаңа қамқорлық танытып, ізгілік дәнін себу, жарқын да нұрлы өмірге жол бастау деген ұғым.  Қоғамымыздың әр мүшесі жеке тұлға дейтін болсақ, әр адам өзінің әл- Фараби бабамыз жазып кеткен «Қайырымды қала», яғни қайырымды һәм өркениетті қоғамға қол жеткізу үшін, оның әрбір толыққанды мүшесі өзінің өмірде жүктелген міндеттерін  үлкен жауапкершілікпен атқару керек. Шара әл-Фараби жылының ашылуына және ұлы ойшылдың 1150 жылдығына арналған.

 

Мақала авторы:

э.ғ.к., доцент Баймуханбетова Э.Е.
27.01.2020 ж. «Бизнес-технологиялар» кафедрасының Логистика мамандығының докторанты ұйымдастырған семинар
 

2020 жылдың 27 қаңтарда «Бизнес-технологиялар» кафедрасының Логистика мамандығының докторанты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының қызметкері Айсұлу Молдабекова ұйымдастырған «Эмпирикалық зерттеу әдістері: жүргізу және деректерді талдау әдістемесі» тақырыбында семинар өтті. Семинарда эмпирикалық зерттеулердің мәселелері қаралды.

Мақала авторы:

э.ғ.к., доцент Баймуханбетова Э.Е.

13-18.01.2020 ж. аралығындағы Профессор Айжаз Шейхтың дәрістері