«SANALY URPAQ» СТУДЕНТТІК КЛУБЫ

 

  • 2018-2020 жылдарға арналған "Саналы ұрпақ" жобасының миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұруға бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастар
  • Жобаның мақсаты-білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау ортасын қалыптастыру

 

 

 

КЛУБ КҮНДЕРІ 

 

14.03.2018 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында куратор сағаттары өткізілді.

 

21.11.2018 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі заманауи үрдістер» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында майор Р.Р. Суханбердин прокуратурадан басқа органдарға сыбайлас жемқорлықпен күресуге өкілеттігі бар адамдар туралы айтып берді, сондай-ақ прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін түсіндірді. Сондай-ақ, майор  Р.Р.Суханбердин студенттерді, яғни, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, біздің мемлекетімізді жемқорлыққа жол бермеуіне шақырды, сыбайлас жемқорлықты анықтау немесе күдік туған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.