“Египет тарихы мен мәдениеті” көрмесі

“Египет тарихы мен мәдениеті” көрмесі мен “Араб тілін оқытудың жаңа тәсілдері” семинары

2009 жылдың 10-12 қараша күндері аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арабтану кафедрасында Египет мәдени орталығының ұйымдастыруымен Ежелгі Египет тарихы мен мәдениетінің кезеңдерінен сыр шертетін экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Египет ислам мәдениеті университеті ұстаздарының көмегімен араб тілінің оқытушыларына арналған “Шетелдік студенттерге араб тілін оқытудың жаңа тәсілдері мен технологиясы” атты семинар өткізілді.

Египет тарихы мен мәдениетіне арналған көрме 308-ші аудиторияда өтті. Көрмеге перғауындардың мүсіндері, күміс құмыралар мен түрлі ою-өрнектермен, араб графикасымен нақышталған табақтар, суреттер мен музыкалық аспаптарды қамтыған 30-дан астам экспонат қойылды.

Аталмыш шараның өткізілуіне қатысты Египет мәдени орталығының директоры, доктор Субхи ас-Сухеймидің Орталық пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің арабтану кафедрасымен арадағы жалғасып келе жатқан тығыз байланысы туралы жасаған баяндамасын факультеттегі басқа бөлімдердің студенттері де үлкен ықыласпен тыңдап, ашылған көрмені тамашалады.

Семинар дәрістерін Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздары мен мәдени орталықтың бір ұстазы оқыды.

Семинарға арабтану кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен 3-4 курс студенттері қатысты.