Әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс және өткізілген іс-шаралар

Кафедра эдвайзерлері келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады:

Ұйымдастырушылық жұмыс. Қыркүйек айында кафедра эдвайзерлерінің тізімі және академиялық топтардағы эдвайзерлердің тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілді. Бірінші курс студенттерін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ішкі ережелерімен және кредиттік оқыту технологиясымен таныстыру мақсатында эдвайзерлер кураторлық сағаттар өткізді. Кафедра эдвайзерлері 2019-2020 оқу жылының пәндеріне тіркеу кезінде және жеке оқу жоспарын дайындауда оқу жоспарының пәндерін таңдауға көмектесті. Сессия барысында студенттерді аттестаттауды бақылау ұйымдастырылды.
Құқықтық білім. Студенттерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» заңдарымен таныстыру үшін барлық топтарда бақылау сағаттары өткізілді.
• салауатты өмір салтын насихаттау. Бірінші курс студенттерін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алкоголь және темекі шегуге қатысты ішкі ережелерімен таныстыру мақсатында бірінші курс эдвайзерлері салауатты өмір салты туралы кураторлық сағаттар мен пікірталастар өткізді.
• Жатақханада жұмыс жасау.
• Азаматтық-патриоттық тәрбие.
• Мәдени жұмыс.

 

22.10.2019 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 16-Студенттер үйінде Логистика мамандығының 2-курс қазақ тобы ЛК1 және ЛК5 топтарының студенттері мен топ эдвайзері Баймуханбетова Э.Е. бастаған оқытушылар тобы: Асқаров Ғ.А., Маликова Р.М., Оразымбетова А.Ш. ұйымдастырған "ЖАСТАР ЖЫЛЫНА" арналған іс-шара өткізілді

Жарияланым авторы: доцент Едилбаев Б.0

19.10.2019 жылы У. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Әдебиет әлемі» атты шығармашылық кеш өтті. Әдеби кешке Қазақстанның көрнекті жазушылары Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржек, Смағұл Ылубай, Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті, белгілі жазушы және журналист Бигелді Габдулин, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, студенттер мен оқытушылар қатысты. Іс-шараға «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға эдвайзері Маликова Р.М., эдвайзерлер Болтаева А.Ж., Абишева Қ. және «Логистика» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.


 Жарияланым авторы: Бейжанова Анара Турсыналиевна

13.10.2019ж. «Салауатты өмір салты» жобасы аясында»

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ахметова З. Б. ЭжБЖМ «Логистика» және «Маркетинг» мамандықтарының 2-4 курс студенттерімен тауға шығып, Бутаковка шатқалына барды.

 

Жарияланымның авторы: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

10.10.2019 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға эдвайзері, аға оқытушы Маликова Р. М. «Логистика» мамандығының Л16к2 тобының 4-курс студенттерімен бірге Ғ.Мұсрепов атындағы Жас көрермендер театрына барып «Ғабит» спектаклін тамашалады.

 

Жарияланымның авторы: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

09.10.2019 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

  «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға эдвайзері, аға оқытушы Маликова Р. М. және аға оқытушы Абдикул Ш. Н. ЭжБЖМ «Маркетинг» мамандығының М16к тобының 4-курс студенттерімен Ғ.Мұсрепов атындағы Жас көрермендер театрына барып «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклін тамашалады.

 

 

 

Жарияланымның авторы: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

 

Тіл - достық пен татулық тірегі

1 қазан 2019 ж. Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес - технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, аға эдвайзер Маликова Рилла Маликовна «Логистика» мамандығының 4 курс студенттерімен «Тіл - достық пен татулық тірегі» атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізді. Эдвайзерлік сабақ тіл, достық, татулық бағытында өтті.

 

 

 

Жарияланымның авторы: Абишева Кыз-Жiбек Жанбек кызы