Кафедраның тарихы

«Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетіндегі «Бизнес-технологиялар» кафедрасының тарихы 2019 жылдан бастау алды. Осыған дейін кафедра атауына байланысты бірнеше рет қайта құрулар өтті. 2011 жылы «Менеджмент және бизнес» және «Маркетинг және коммерция» кафедраларының бірігуі негізінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы ашылған болатын. Бірақ кейінгі инновациялық технологиялардың белсенді дамуы, сонымен қатар қазақстандық өнімдер әлемдік нарыққа шығуы біздің ары қарай нарықтағы бәсекегеқабілеттілігімізді жоғалтпай, орнымызды сақтап қалуымызды талап етеді. Осындай мақсаттарда отандық өнімді жылжытып, зерттеп, танытып, талдап және сол процесстерді оңтайландыратын жоғары білікті отандық маркетологтар мен логисттерге сұраныс күрт жоғарылады. Осылайша, «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінде жеке «Бизнес-технологиялар» кафедрасы құрылған болатын.

Кафедра - Қазақстан Республикасының көрнекті академиктерін, профессорларын, еңбек сіңірген ғалымдары мен доценттерін біріктіретін жоғары кәсіби ұжым. Кафедра құрамы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Кафедра дайындаған мамандықтардың оқу бағдарламасы FIBAA сияқты жоғары білім беру сапасын бағалау агенттіктерінің беделді халықаралық аккредитациясынан өтіп, өзінің сапалылығын дәлелдеген.

Кафедраның халықаралық әріптестермен орнатқан байланыстары да өте нық әрі ауқымды. Білім беру мен маман даярлау сапасын арттыру мақсатымен кафедра өз студенттерін, магистранттарын әне докторанттарын әріптес университтерге академиялық мобильділік, біліктілікті арттыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибелерге, тағылымдамалар мен бірлескен жобаларға жіберіп отырады.

ript>X-NONEript>