Механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының жас ғалымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының жас ғалымдарының жобасы жас ғалымдарды 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіп алды.
PhD доктор, доцент, механика-математика факультетінің деканы Дәурен Бақытбекұлының жетекшілігімен жас ғалымдар тобы әзірлеген «Сыртқы күштердің әсерінен көп компонентті екі фазалы қоспаның компоненттерін концентрациялық бөлудің математикалық моделін жасау» жобасы ақпараттық, телекоммуникация және ғарыш саласында жаңа математикалық модельдерді құруға бағытталған технология, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер.
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы атынан Жакебаев Даурен Бакытбекұлын құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

Басылым күні :  28.10.2020