«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ» (БАКАЛАВРИАТ) БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ KAZSEE АГЕНТТІГІНДЕ КЕЗЕКТІ АККРЕДИТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ

 

 Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы (KAZSEE) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аккредиттеу органы ретінде танылды. Министрдің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №482 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1 Ұлттық тізіліміне енгізілді. KAZSEE аккредиттеу стандарттары мен рәсімі инженерлік білім беру сапасын бағалаудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып және Вашингтон келісіміне қатысушы елдердің аккредиттеу жүйелерімен мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптарға, ENQA жоғары білім беру сапасына кепілдік берудің еуропалық қауымдастығының, ENAEE инженерлік білім беруді аккредиттеудің Еуропалық желісінің және INQAAHE жоғары білім берудегі сапа кепілдігі жөніндегі халықаралық желінің талаптарына сәйкес болу үшін әзірленді.
 KAZSEE стандарттары оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға бағытталған. Оқыту нәтижелері білім беру бағдарламасының соңында студенттердің алған білім, білік, дағды, әдістемелік мәдениетінің жиынтығын білдіреді. Олар кәсіптік қоғамдастықтың түлектерге қойылатын талаптары негізінде әзірленеді және Болон процесін жүзеге асыру кезінде бірыңғай еуропалық жоғары білім беру аймағын құру шеңберінде жасалған «Дублин дескрипторларымен» келісіледі.

Басылым күні :  16.10.2020