"ҰАТ" АҚ Қостанай ОЦТ өндірістік тәжірибе

Механика-математика факультетінің бакалавриат студенттері жаңа білім алуға және өздерінің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады. Осы мақсатта математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының төртінші курсының үш студенті НИТ IT компаниясының базасында өндірістік тәжірибеден өтті.

"ҰАТ" АҚ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторының мынадай міндеттерін орындайды»:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру және сүйемелдеу;
  • ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету;
  • операторға бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
  • "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына мемлекеттік органдардың жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар Жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін интеграциялауды жүзеге асыру және қосу»;
  • электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі үшін мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне деректерді беру бойынша қызметтер көрсету;
  • "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын құру және дамыту;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзін сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
  • "электрондық үкімет"веб-порталын ақпараттық толықтыру.

Басылым күні :  19.03.2020