ЖШС "TazTrade"-нде өндірістік тәжірибе"

ЖШС "TazTrade " компаниясында тәжірибеден өтіп жатқан студенттер тобы өз іс-тәжірибесін математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында ұсынылған презентациямен аяқтады.

 

Өндірістік тәжірибе өткен Компания күзет-өрт сигнализациясын, өрт сөндіру жүйелерін, Бейнебақылау жүйелерін, үздіксіз қоректену жүйелерін, кіруді басқару жүйелерін, серверлік жабдықтарды, кабельдік желілер мен дизель-генераторлық қондырғыларды құрылымдауды әзірлеумен және монтаждаумен айналысады.

 

Тәжірибе барысында студенттердің алған тәжірибесі болашақ мансабында жетістікке жетуіне ықпал етеді.

Басылым күні :  18.03.2020