ҚР Ұлттық Инженерлік академиясындағы өндірістік тәжірибе

Механика-математика факультетінің оқушылары өндірістік тәжірибе барысында Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясына тағылымдамаға шақырылды.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының қызметі іргелі және қолданбалы ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жүйелі түрде еңсеруге, ғылымды нақты өндірістік күшке айналдыруға, елдің технологиялық дамуы үшін инновацияның басты көзіне, зияткерлік капиталды тиімді молайтуға, ғылымды Қазақстан экономикасына ендіруге бағытталған. Академияның басты міндеті ел Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған "Қазақстан – 2050" ауқымды стратегиясын, Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда отандық ғылымның қарқынды және тиімді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Студенттер практика кезінде web-бағдарламалау дағдыларын дамытып, бірнеше жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінде скрипттерді жазуға үйренді. Ал алған коммуникабельділік және күйзеліске төзімділік сияқты дағдылар білім алушының болашақ жұмыс орнында толық әлеуетін іске асыруға көмектеседі.

 

Басылым күні :  18.03.2020