"Grade Studio"-да өндірістік тәжірибесі

Өндірістік тәжірибе барысында механика-математика факультетінің бірнеше студенті "Grade Studio"Web-студиясында тәжірибеден өтті.

"Grade Studio" компаниясы туралы: "қазіргі адамның өмірін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологиялар біздің тұрмысымыз бен бизнесіміздің барлық жақтарын қамтиды және көптеген компаниялар осы салада өз қызметтерін ұсынады. Grade Studio Web-студиясы — осындай компаниялардың бірі. Grace Studio Web-студиясы сайттарды әзірлеумен және жылжытумен айналысады. Көп жылдық тәжірибе мен іске шығармашылық көзқарас тапсырыс берушілердің ең батыл міндеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Компанияның деңгейі туралы клиенттердің риза пікірлері айтылады".

 

Студенттер практика кезінде web-бағдарламалау дағдыларын дамытып, бірнеше жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінде скрипттерді жазуға үйренді. Ал алған коммуникабельділік және күйзеліске төзімділік сияқты дағдылар білім алушының болашақ жұмыс орнында толық әлеуетін іске асыруға көмектеседі.

Басылым күні :  18.03.2020