У. А. Жолдасбеков атындағы «Механика және машинатану институты» РМК-да өндірістік тәжірибе

Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының төртінші курс студенті Сабирова Юлия Фархатовнаның Алматы қаласында Академик У. А. Жолдасбеков атындағы "Механика және машинатану институты" РМК базасында өндірістік тәжірибе өтті.

 

Тәжірибе барысында студент институтты зерттеудің негізгі бағыттары туралы білді, атап айтқанда:

  • Геомеханика, қатты деформацияланатын денелер мен тау жыныстарының механикасы мәселелері, жер асты құрылыстарын, соның ішінде мұнай-газ және тау-кен салаларында есептеу әдістерін әзірлеу 
  • Механизмдерді, машиналарды, мехатронды және робототехникалық жүйелерді әзірлеу және жобалау. Көпфункционалды адаптивті механизмдер.
  • Машиналар, Роторлық жүйелер, діріл техникасы және соққы механизмдерінің динамикасы 
  • Күрделі механикалық жүйелердің қозғалысын виртуалды модельдеу 

Механика және математика есептерін моделдеу бойынша алынған білім мен практикалық біліктерді тәжірибе жетекшісі жоғары бағалады, сонымен қатар, математикалық модельдерді құрастыру бойынша алынған дағдылар мен институттың ғылыми-теориялық базасымен танысу ғылыми саладағы одан әрі ғылыми жетістіктерге оң әсерін тигізетінін атап өту қажет.

Басылым күні :  18.03.2020