Қазақ ұлттық университеті жанындағы ММ институтында тәжірибе алмасу мүмкіндігі

Институтта ғылым, техника және білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша 70-тен астам жоба, шетелдік және халықаралық гранттар мен ҚР Ұлттық компанияларымен жасалған шаруашылық келісімшарттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіледі.

ММ ҒЗИ инновациялық зерттеулермен белсенді айналысады. Осы мақсатпен жобалар шеңберінде келесідей ғылыми зерттеулер жүргізілуде:

  • Жоғары өнімді есептерді ұйымдастыру және басқару барысында жасанды интеллект жүйелерін және кодты автоматты түрде тудыру әдістерін қолдану жобасы бастамашылығын алды.
  • Мұнай-газ кен орындарын өңдеуді талдау үшін ақпараттық (ИСАР-II) жүйесі әзірленіп, жаңартылды.
  • Жылдамдық, температура және шоғырлану аясына есеп жүргізу мүмкіндігін беретін, сол сияқты атмосферадағы болып жатқан процесстерге қатысты болжамдық ұсыныс жасау мүмкіндігін беретін стратосфераның, мезосфераның және ионосфераның әртекті процесстеріне математикалық үлгілеу әзірленді.
  • «Ірі сандық үлгілерді іске асыру үшін жоғары өнімді кластерлердегі бұлттық есептер» жобасы шеңберінде мобильды құрылғыларда есептеу бұлттарды қалыптастыруға қажетті бағдарламалар түптұлғалары алғаш рет әзірленді.
  • Қатты дене (ғарыш аппараты) қозғалысын басқаруды құру схемасы құрылды; салмақ ортасына қатысты ғарыш аппаратының қозғалысын басқару жүйесінің математикалық үлгісі әзірленді.
  • Мобильды робот тәжірибелі үлгісінің динамикасы зерттелді, басқару жүйесі әзірленіп, жобаланды және құрастырылды.

Көп жылдық тәжірибе мен тәжірибелі тәлімгерлердің арқасында ҒЗИ-да тәжірибеден өткен төртінші курс студенттері Python, Java және С++ тілдерінде көптеген қолданбалы бағдарламаларды игеріп, жаңа жабдықтарды пайдаланып, табысты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін маңызды практикалық дағдыларды алды.

Басылым күні :  18.03.2020