«Банк Хоум Кредит»-те өндірістік тәжірбе

Өндірістік тәжірибе негізінде математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының студенттері еліміздің ірі банктерінің бірінде "Банк Хоум Кредит" тәжірибеден өтті.

Home Credit N.V. әлемнің 10 елінде, оның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД елдерінде; Қытай, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін HCNV әлем бойынша 123,7 млн астам клиенттерге қызмет көрсетті.

Өндірістік практикада студенттер IT бөлімінің жұмыс процесімен танысты, банк ішіндегі қаржы жүйесін бақылау және талдау үшін қолданылатын негізгі бағдарламалық қамтамасыз етуді игерді, сондай-ақ бөлімнің тимлидімен бірлесе отырып, компанияның әртүрлі проблемалық міндеттерін шешті.

Басылым күні :  18.03.2020