«Kcell» АҚ компаниясында студенттердің практикадан өтуі

Өндірістік тәжірибе аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері елдің ірі компанияларының бірі - "Кселл"АҚ-да тағылымдамадан өтуде.

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады.

"Кселл" АҚ компаниясы және оның Алматы қаласындағы филиалы төртінші курс студенті Даниярова Индира Романовнаны талдау және болжау негіздеріне оқытады. Сонымен қатар, тәжірибе барысында студенттер еліміздің жетекші компанияларына табысты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін маңызды практикалық дағдыларын алды.

Басылым күні :  17.03.2020