“Akzhol Incorporation” ЖШС-ның мүшелерімен кездeсу

“Akzhol Incorporation” атты ЖШС-ның мүшелерімен кездeсуге 4 курс Математика және компьютерлік пішіндеу мамандығының студенттері Есен Мұрат мен Сейілхан Өміржан қатысты. Программалар құру және де веб-дизайндарды өңдеу, клиенттердің тапсырыстары бойынша әртүрлі деңгейдегі қызметтер жөнінде сөз болды. Қазіргі таңда орталықта жаңа сабақ өту жобасы енгізілуде. Ол жобаның аты STEM. STEM – қарқынды дамып, әрі АҚШ секілді дамыған мемлекеттерде қолданылып жатқан оқу жүйесі. Бұл оқу жүйесі арқылы оқушы қазіргі заманға сай қасиеттерді және қабілеттерді өз бойларына сіңдіре алады. STEM (Science Technology Engineering Mathematics) комплексті жүйе. Қазір орталықта оңға жуық оқушы оқуда.

 

    

Басылым күні :  12.03.2020