профессор Даирбаева Л.М. мен доцент Каруна О.Л. Erasmus Smartciti жобасы аясында іс-сапарда болды
18 қараша мен 25 қараша аралығында Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қызметкерлері профессор Даирбаева Ләззат Мансұрқызы мен доцент Каруна Оксана Леонидовна Erasmus Smartciti жобасы аясында іс-сапарда болды. Сапар мақсаты-ҚазҰУ мен Хемниц технологиялық университеті, Германия, Хемниц қаласы арасында екі дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылау. Сапар шеңберінде МКМ мамандығының магистранттарын бірлесіп дайындау туралы белгілі бір уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ Герман жоғары оқу орнымен екі дипломды білім беру бағдарламасы әзірленетін болады.
Басылым күні : 03.12.2019