«Environment radioactivity monitoring-2019»

14.06.2019

Көрулер: 2348

2019 жылғы 10 – 14 маусым аралығы кезеңінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ядролық физика институтының базасында Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, атом өнеркәсібі қызметкерлеріне арналған «Environment radioactivity monitoring-2019» біліктілікті арттыру курстары өтті. Курс бағдарламасы ядролық физика, атом энергетикасы, радиохимия және радиоэкология саласындағы базалық білімді қамтиды.

М. Склодовская-Кюри атындағы радиациялық экология зертханасының қызметкерлері Назаркулова Ш.Н., Матвеева И.В., Сатыбалдиев Б.С., Яровая Е.Ю., Нурсапина Н.А., Абишев Т.Б. және Ядролық физика институтының қызметкерлері Красноперова М.В., Мухортов М.С., Ким Д.С., Керимкулов Ж.К., сондай-ақ Жапониядан шақыртылған мамандар Нобуо Шинохара мен Масанори Такеясу курс дәрістерін оқыды.

Курс сәтті аяқталғаннан кейін қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар берілді.