Құттықтаймыз

08.02.2021

Көрулер: 1473

АСА ҚҰРМЕТТІ БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ!

Сізді – өмірдегі айтулы белестердің бірі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы құттықтайды!

Сіз, биология ғылымының көрнекті өкілі ретінде 2001 жылдан бастап еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыстырып, 2011 жылы биотехнология кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметте табысты еңбек етіп келесіз.

Болатхан Қазыханұлы өзінің ғылыми жолында 5 монография, көптеген оқу құралдары, барлығы 400-ден астам ғылыми жұмыстар – сіздің қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Сіздің жетекшілігіңізбен жоғары білікті кадрлар - 6 кандидаттық және 9 PhD докторлық диссертациялар қорғалды. Сонымен қатар биология ғылымдарын дамытуға үлес қосып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге ат салысып жүрген ғалымдардың бірісіз.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, білікті маман, тәжірибесі мол жетекші ретіндегі абзал қасиеттеріңізбен ерекшеленесіз. Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін үлгі екендігіңіз даусыз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған ғылым саласын дамытуға, факультетімізді дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіздің арқасында, жастарға ұлағатты ұстазсыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы

www.kaznu.kz