Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

24.05.2020

Көрулер: 264

Шалахметова Тамара Минажовна биология ғылымдарының докторы, профессор. 1970 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факултетіне түсіп, 1975 жылғы түлегі.

1981 жылы ҒА СССР цитология институтының диссертациялық кеңесінде «Цитология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациясын қорғады.

1981 жылдан 1989 жылға дейін – ҚазССР (Алма-Ата қ.) ДМ ҚазҒЗИ кардиология бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. 1985 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінің цитология және гистология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

1989 жылы ол сол кафедраның доценті және МЕМ биотехнология және биология мәселелері ҒЗИ (1993-1998ж) аралығында басшы орынбасары қызметінде, МЕМ экология мәселелері ҒЗИ директор қызметін (2000-2008 ж)атқарды.

1995-1998 жылдары докторантурада оқыды, 1999 жылы «Гистология, эмбриология, клеткалық биология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді.

2001 жылы биология ғылымы аясында профессор атағын алды.

2008-2015 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы болып тағайындалды.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының құрметті профессоры болып табылады.

350-ден астам ғылыми еңбектерде жарияланды, оның ішінде Scopus және Web of Science мәліметтер базасына кіретін жоғары рейтингті журналдарда мақалалар, монография, ҚР өнертабысқа авторлық куәліктер, патенттерге ие.

Кадрлар даярлауда белсенді қатысты, оның жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты мен PhD қорғалған.

2000 жылдан 2010 жылға дейін үш мамандық бойынша докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы болды және қазіргі уақытта PhD дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің екі төсбелгісімен, «әл-Фараби атында ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі» күміс медалімен марапатталған, Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға мемлекеттік ғылыми стипендиясымен марапатталған (2005-2006; 2018-2019 жж.). және «Университеттің үздік оқытушысы» марапатының иегері (2010).  

Шалахметова Тамара Минажовнаның өзі білім алған оқу ордасына үлкен маххабатпен 45жыл бойы талмай қызмет етуі өз ісінің үздік шебері әрі кәсіби маманы мен қайталанбас көшбасшысы және білікті ұйымдастырушы екендігін дәлелдей түсуде.

Ұстазымыз, әріптесіміз: Шалахметова Тамара Минажовнаны дәстүрлі түлектер күнімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс пен бақыт тілейді!


Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz