Жасымда ғылым бар деп ескермедім

26.02.2020

Көрулер: 2372

Биыл халқымыздың ұлы перзенті, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ауқымды түрде аталып өтуде. Соған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және Биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 3 курс студенттері мен профессор Сапаров Қ.Ә. жетекшілігімен "Жасымда ғылым бар деп ескермедім..." деген тақырып аясында әдеби- шығармашылық кеш өткізді. "Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды". "Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Мерекелік іс-шарага кафедрамыздың меңгерушісі Құрманбаева М.С; оқытушылары: доцент Аметов А.А, Манкибаева С.А; Абдуллаева Б.А; Корбозова Н.К; Елтай Г.Е; Зорбекова А.Н; Тілешова М.Т; Мауленова С.С; Қонысбаева А.А, Басыгараев Ж.М қатысты.