Докторант Бижанова Назеркенің сирек кездесетін Түркістан сілеусіні туралы жобасы Rufford Small Grants гранттарынан қаржыландырылды!

06.02.2020

Көрулер: 2245

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы Rufford Small Grants ғылыми грантын жеңді. Докторлық диссертация аясында бұл жоба Солтүстік Тянь-Шаньдағы Түркістан сілеусін (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясының жағдайын зерттеуге және осы сирек кездесетін жыртқышқа шектеуші әсер ететін факторларды анықтауға арналған. Бижанова Назерке осы сирек кездесетін мысықты зерттеу туралы инициатива бастап, зерттеу тобының жетекшісі ретінде басқаруда.

Жобаның тақырыбы: «Солтүстік Тянь-Шаньның Қазақстан бөлігінде мекендейтін Түркістан сілеусінінің популяциясы және сақталу жағдайы (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847)» / «Population and conservation status of the Turkestan lynx (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) in the Kazakh part of the Northern Tien Shan».

Жұмыста дәстүрлі зоологиялық және қашықтықтан зерттеудің әдістері, атап айтқанда, фотоқақпандар қолданылады. Зерттеу үш ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілетін болады: Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Көлсай Көлдері ұлттық табиғи паркі.

Жобаның аясында ғылыми-зерттеу тобы сілеусіннің мекендейтін жерлерінің деградациясы мен бөлінуі, браконьерлік, тағам нысандары санының азаюы сияқты негізгі қауіптерді ескере отырып, жоба аясында зерттеу тобы зерттеу жасап, зерттеу нәтижелерін қорғау стратегиясын жасау үшін пайдаланылады; қорғалатын табиғи аумақтардың желілерін жақсарту және оларды басқарудың тиімділігін арттыру; білім беру мақсатында және осы ірі жыртқыш мекендейтін жерлерде тұратын жергілікті тұрғындардың хабардарлығын арттыру үшін пайдаланады.

Зерттеу тобы 7 зерттеушіден тұрады:

1. Бижанова Назерке – Зоология Институтының Териология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, оқытушы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты;

2. Грачев Алексей – Зоология Институтының Териология бөлімінің меңгерушісі, «Wildlife Without Borders» қорының негізін қалаушы;

3. Кантарбаев Санжар – Зоология Институтының Териология бөлімінің ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты;

4. Байдавлетов Ерлик – Зоология Институтының Териология бөлімінің ғылыми қызметкері;

5. Грачев Юрий – Зоология Институтының Териология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

6. Сапарбаев Салторе – Зоология Институты Териология бөлімінің және Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ғылыми қызметкері;

7. Беспалов Максим – Ассистен және дала менеджері.

Жоғарыда аталған барлық қатысушылар тәжірибелі және білімді териологтар.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар бөлімі Бижанова Назерканы осы жетістікпен құттықтайды және оған одан да күшті жетістіктер тілейді!

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов

www.kaznu.kz