Жұмыс берушілер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., аға оқытушысы Шалгимбаева С.М. «Аквакультура» бағыты бойынша семинар өткізуге шақырды
Көрулер: 1748
2019 жыл 22 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Құзыреттілік орталығы» ЖШС және «Балық шаруашылығы қауымдастығы - БД» ЗТБ қауымдастығымен бірлесе отырып, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қолдау» бойынша Қарағанды қаласында семинар өткізілді, бағыты: «Аквакультура» бойынша. Семинар дәріскері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және Биотехнология факультетінің, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., аға оқытушы Шалгимбаева С.М.
Семинар тақырыбы: «Тоған шаруашылықтарындағы тұқы балықтарының аурулары: алдын-алу және емдеу шаралары».
Семинардың практикалық бөлігі «Қарағанды инкубаторы» ЖШС-де, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында өтті, ал теориялық бөлігі Apart Hotel 92/2 (Бұқар жырау даңғылы, 92/2) премиум-конференц-залында өтті. Барлық семинарға қатысушылар Атамекен біліктілігін арттыру сертификатын алды.
Авторы: Шалгимбаева С.М. және Джумаханова Г.Б.