Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл ауданындағы Бостеріде орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық сауықтыру лагерінде 2 курс биолог студенттердің өндірістік - дала практикасы

12.07.2019

Көрулер: 2609

Факультеттің оқу жоспарына сәйкес және № 4-1770 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 27 мамыры мен 15 маусымы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «5В060700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері теориялық білімін практика жүзінде бекіту үшін, оқу тәжірибесін Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл ауданы Бостеріге (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық сауықтыру лагерінде) далалық тәжірибеден өтті. Өндірістік практиканың мақсаты: зерттелетін өсімдіктер мен жануарлар топтарының өкілдерін табиғи жағдайда таныстыру арқылы «өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігі» және «зоология» пәндері бойынша теориялық материалдарды жинақтау. Атап айтқанда, студенттер Солтүстік Тянь-Шань Күнгей Алатауы жотасының флорасы мен фаунасына зерттеу жасап, сонымен қатар Ыстық көлдің альгофлора және гидрофауна өкілдерімен танысты.

б.ғ.к., доцент Шалгимбаева Сауле Мухаметкалиевна

Джумаханова Г.Б.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz