Халықаралық көшбасшы университеттердің QS WorldWide форумы «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде (ҚазҰУ)

19.09.2019

Көрулер: 2180

Халықаралық көшбасшы университеттердің QS WorldWide форумы «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде (ҚазҰУ)

 2019 жылы ҚазҰУ QS World University Rankings рейтінгіде 220 орын иеленді, ал Еуразиялық - 394. Осыған байланысты QS WorldWide форумы 19 қыркүйек күні «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтті және жоғарғы білім беру сферасының 800 экспертін жиналды.

 Форум

«Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында.

Бұл форумның мақсаты- ғылым мен жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және тарату бойынша әлемдегі бірегей және ірі платформа болып табылады.

ҚазҰУ әлемнің 130-дан астам жетекші жоғары оқу орындарын біріктіретін Жібек жолы университеттері Альянсының тең құрылтайшысы бола отырып, бірқатар ірі жобаларды іске асыруда, оның ішінде халықаралық ІТ-технопаркін құру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Сондықтан ҚазҰУ-да осы беделді халықаралық ұйымның Бас Ассамблеясының отырысын өткізу заңды. Форумда жоғары білім беру саласындағы коллаборация мен интеграция, бірлескен ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру және өзара іс-қимылдың басқа да бағыттары талқыланады.

Форум бағдарламасы өте мазмұнды, мұнда пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар, іскерлік кездесулер мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының жетістіктері көрмесі өтті. Форумға ҚР Премьер-Министрі Б.Сапарбаев, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, QS Ltd аға Вице-Президенті Б. Саутер, ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов сөз алды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz