Жаңалықтар

Құттықтаймыз

01.01.2021

Құрметті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы! Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келіп жеткен 2021 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа 2021 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз! Жаңа 2021 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

 

Ізгі ниетпен, Геоботаника мамандығының 1-курс PhD докторанттары

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

30.12.2020

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «6М061300-Геоботаника» мамандығының 2 курс магистранты Саптайханова Ғайни Қадырқызы Абай-Верн бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алып, 2019-2020 оқу жылында Лотарингия университетінде (Франция, Нанси қаласы) білім алды. 2020 жылы 29 желтоқсанда «Branches as a potential source of forest extractives» тақырыбында ағылшын тілінде магистрлік диссертациясын сәтті қорғады. Магистрлік жұмыс LERMAB зертханасында (Laboratoire d’études et de recherche sur le matériau bois) және INRAE ғылыми институтында (Institut National de Recherche en Agriculture, Alimentation et Environnement) « ExtraFor_Est » жобасының аясында орындалды. Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор м.а., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Курманбаева Меруерт Сакеновна. Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Барлық істер сәтті өтіп, жаңа жетістіктер үшін күш пен қуаттарыңыз жеткілікті болсын!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

30.12.2020

Кафедрамыздың қымбатты доценті, Нина Владимировна Терлецкаяны құттықтаймыз! «Абиотикалық стресс факторларының әсеріне бейімделудің морфофизиологиялық және фитохимиялық аспектілерін Қазақстандық Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің биологиялық белсенділігі мен бейімделушілігіне әсерін зерттеу» атты ғылыми жобасы ҚР БҒМ грантын ұтып алды.

Ұжым атынан сізді құттықтай отырып үлкен жетістіктер тілейміз!

Алдағы уақытта да барлық жоспарларыңыз сәтті өтіп, іске ассын деп тілейміз! Еңбегіңіз еш кетпей, жұмысыңыздың жемісін көріп, айналаңыздың ілтипатына ие болыңыз!

Сізге жаңа ойлар, толағай табыс, орасан жаңалықтар, мықты денсаулық және бақыт тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

“Үздік жас маман - 2020”

30.12.2020

«Бөбек» Жалпы ұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдерінің II ші Халықаралық кітап басылымында Биоалуантүрлілік және Биоресурстар кафедрасының 2 курс магистранты Туралиева Гулбакыттың “АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ӨСЕТІН RHEUM TATARICUM L ӨСІМДІГІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”  тақырыбында жұмысы жарияланып, “Үздік жас маман - 2020” атанды! Ғылыми жетекшісі Биоалуантүрлілік және Биоресурстар кафедрасының доценті, аға оқытушысы Ахтаева Нурсулу Зияхановна алғыс хатпен марапатталды!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

"Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау"

04.12.2020

"Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау" сабағын Ботаника және фитоинтродукция институтында қызықты әрі танымды өткізгені үшін Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, 8D05108-Геоботаника мамандығының 1 курс phD докторанттары кафедраның доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ахтаева Нурсулу Зияхановнаға алғыстарын білдіреді. Сабақ барысында докторанттар қызыл кітапқа енген, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктердің коллекцияларымен танысты.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ПОЛЬША АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ.

04.12.2020

Қазақстан Республикасы мен Польша арасындағы үкіметаралық келісім аясында Польшаның білім алмасу жөніндегі ұлттық агенттігі (Варшава) Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының үшінші курс докторанты Оразов Айдын Ерғалиұлының докторлық диссертация (Польша) көлеміндегі ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыру туралы оң шешім шағарды.

Зерттеу тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН АЛТАЙЫНЫҢ ИНВАЗИВТІК ФЛОРАСЫН ЗЕРТТЕУ»

Мақсаты: Қазақстан Алтайының (Шығыс Қазақстан) инвазиялық флорасын зерттеу және докторлық диссертация дайындау (Адам Мицкевич атындағы Университеті (Познань, Польша).

Қаржыландыру көзі: Халықаралық алмасу агенттігі (Варшава, Польша).

Қаржыландыру мерзімі: 2020-2024 (4 жыл), Адам Мицкевич атындағы университетінің PhD докторантурасында оқу.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

03.12.2020

2020 жылдың 3 желтоқсан күні «Биоалуантүрлілік және Биоресурстар» кафедрасында, куратор-эдвайзер Зорбекова А.Н. және « 6В05102-Биология »1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты тақырыбына ашық ОНЛАЙН тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында Ғаламтордың адам денсаулығына, әсіресе баланың денсаулығына әсері туралы маңызды тақырыптарды көтерді.Студенттер екі топқа бөлініп, 1-топ интернет пен компьютерлік технологияның пайдалы екенін дәлелдеcе, ал 2-топ интернет пен ақпараттық технологиялардың пайдалы ғана емес, зиянды екенін дәлелдеді.Студенттер «желіде қандай қарым-қатынас орнату керегін, компьютерлердің көмегімен қандай операциялар жасай алатынымызды» және т.б. студенттер желілік этикет мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді, атап айтып өтсек ғаламтор әлеміндегі балағат сөздер,ұлттық арақатынасқа киындық түсіретін ауыр сөздер жазуға болмайтынын және адамдарды балағаттауға,жамандауға,адамдардың құқығын қорлауға болмайтыны туралы сөз қозғады.Сабақтың соңында студенттер интернетті қалай пайдалану керектігі және қандай жағдайларда қолдану қажет екендігі туралы қорытынды жасады, сонымен бірге желілік этикет туралы ұмытпау керегін айтты.

Қатысқандар: «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С., куратор-эдвайзер: Зорбекова А.Н және кафедра оқытушылары: Манкибаева С.А, Елтай Г.Е, Корбозова Н.К, Тілешова М.Т және "6В05102 Биология"мамандығының 1 және 2 курс студенттері.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«1-желтоқсан Тұңғыш президент күні »

28.11.2020

2020 жылдың 28-ші қараша күні сағат 12:00 де «биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының Ғылыми биология мамандығының 3- курс студенттерінің ұйымдастыруымен «1-желтоқсан Тұңғыш президент күні » атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық сабақ барысында студенттер Елбасымыздың өмірбаяны , қызмет жолы туралы құнды мәліметтермен танысты. Студенттер бір- бірімен ой алмасып, ашық сабағымыздың соңында студенттерге бірнеше сұрақ қойылып, сол сұрақтарға студенттер толыққанды жауап берді.

Қатысушылар: доцент м.а., аға оқытушы Шалгимбаева С.М, куратор-эдвайзер Джумаханова Г.Б. және «5В060700-Ғылыми - биология» мамандығының 3 курс студенттері ББ 18-03 тобы                                                                   аға куратор Зорбекова А.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

”Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев”

27.11.2020

2020 жылдың 27-ші қараша күні сағат 10:00 де “биоалуантүрлілік және биоресурстар” кафедрасының Биология мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атты ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағаты барысында студенттер бір-бірімен ой алмасып, Елбасының Қазақ елін жан-жақты дамытуға сіңірген еңбегі мен оның басқа елдегі президенттермен қарым-қатынасы туралы айтылып, соңында тақырыпты интеллектуалды ойын арқылы қорытындылады. Мақсаты Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктері үшін 1 желтоқсан күнін атап өту. Осы мақсатта сабақ барысында түрлі суреттер көрсетіліп, сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Қатысушылар: кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С., куратор-эдвайзер Елтай Г.Е. Және “5В060700-Биология” мамандығының 3 курс студенттері ББ 18-01 топ, аға оқытушы Манкибаева С.А., аға куратор Зорбекова А.Н., оқытушы Тілешова М.Т.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«СПИД – 21 ғасыр індеті»

27.11.2020

2020 жылдың 27-ші қараша күні сағат 14:00 де «биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының Биология мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «СПИД – 21 ғасыр індеті» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында студенттер бір-бірімен ой алмасып, түрлі анализ жұмыстарын жүргізіп, соңында тақырыпты тест жүргізу арқылы қорытындылады. Студенттер болашақ биолог мамандары болғандықтан өздеріне жақын деп осы тақырыпты алды. Мақсаты әр адам СПИД жайлы біліп, өз денсаулығын барынша күтіп жүру. Осы мақсатта сабақ барысында түрлі видеороликтер мен суреттер көрсетілді.

Қатысушылар: кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С, куратор-эдвайзер Нұрмаханова А.С. және «5В600700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері ББ 19-03 және ББ 19-04 топтар, аға куратор Зорбекова А.Н және кафедра оқытушылары Корбозова Н.К, Елтай Г.Е, Тілешова М.Т.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz         

Ары қарай оқу >>