Чэнь Цзин

Менің атым – Чэнь Цзин. Курстастарым еркелетіп Назым дейді. Міне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде оқығаныма 3 жылдан да асты. Студенттік жылдарымның осы университетте өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Себебі ҚазҰУ – Қазақстандағы сапалы білім беретін үздік университеттердің бірі. Университетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ қасиетті білім ордасынан тапқан достарым өте көп. Солардың арқасында Қазақстанға тез үйреніп кеттім деп айта аламын. Биыл біздің университетіміз 85 жылдығын атап өтеді. Мерейтойың құтты болсын ҚазҰУ!