Уәли Шәтгүл

Менің атым Уәли Шәтгүл. Қытай Халық Республикасынан келдім. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студентімін. Бәсекеге қабілетті нағыз білімді ел ертеңін дайындауды мақсат еткен ұстаздарым мен дарынды группаластарым бізді алғаш келген күннен бастап жылы қарсы алды. Сол күннен бері үш жыл да өте шықты. Осы уақыт аралығында білімім мен біліктілігім артып, үйренгенім көп болды. Білім іздеген жастарға тереңдетіп тағлым беретін филология факультетінің ұстаздарын ерекше атап өткім келеді. Қазақстандағы ең үздік оқу орнында оқитынымды мақтан тұтамын!