ҚазҰУ 85 жыл

Әмина Әлімхан: ҚАЗІР ЕКІНІҢ БІРІ ЖУРНАЛИСТ

05.05.2019

         Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мол мүмкіндіктер мен жарқын білімнің қайнар ортасы. Студенттердің кәсіби білімі мен біліктілігін шыңдайтын оқу ордасы. Оның ішінде дарындыларды даралайтын журналистика факультеті қасиетті мекен.

Ары қарай оқу >>

БҰХАРБАЕВ МҰХАМЕДАЛИ БОЛАТҰЛЫ

05.05.2019

Бұхарбаев Мұхамедали Болатұлы Журналист, диктор. Әйгілі қазақ дикторы Әнуарбек Байжанбаев атындағы төсбелгінің иегері (2011 жыл), әлеуметтік желі арқылы өткен арнайы байқауда «Алтын дауыс» аталымының жеңімпазы. 2014-2016 жылдар аралығында БҰҰ-ның ақпараттық Бюросы бастамалық еткен халықаралық журналистика және коммуникация мектебінің радиохабар тарату саласының медиа дәріскері.

Ары қарай оқу >>

Түлеп ұшқан Нар тұлға

04.05.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жоғары білім жүйесінің университеттік дәстүрлерінің іргетасын қалап, кәсіби ғылыми және педагогикалық мектептерді қалыптастыруының негізі болып табылады. ҚазҰУ бүгінгі таңда елдің ең жоғары оқу орны бола отырып, Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын іске асыру барысында байқалған білім беру саласындағы сапалы ауысуларды байқатып отыр. 
1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылған күні болып саналады.

Ары қарай оқу >>

Журналистер – сөз қадірін білетін жандар

03.05.2019

Журналистер – сөз қадірін білетін жандар

               Журналистика – өнер. Өнерде өзгелерден озатындар бар немесе киелі өнерді меңгере алмай тозатындар бар. Қазақтың маңдайына біткен өнерпаздары қаншама. Халық пен билік арасындағы көпір болып, ұлтына ұйтқысыз қызмет ететіндер де жетерлік.

         Бүгінде Қазақ радиосы ұлтымыздың үніне айналды. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қазақтың радиосын сүйіп тыңдайтыны анық. Көпшілік қауымның сүйікті «дауыстары» да бар екені мәлім. Сол дауыстың қатарында Гүлмира Нәлібай ерекше орын алады.

Ары қарай оқу >>

Аманкелді Сейітхан

03.05.2019

Аманкелді Сейітхан

 

Аманкелді Сейітхан – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультетінің 2014 жылғы түлегі. Қазіргі таңда "QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі.

Ары қарай оқу >>

«Көрінген таудың алыстығы жоқ»

02.05.2019

Адамбек Альфия

201- топ

«Көрінген таудың алыстығы жоқ»

 

Бүгінде ол өз білім ордасының аты мен даңқы үшін мақтанады, қызыл дипломды қолтыққа қысып, абыройлы ордадан абыроймен ұшқаны үшін масаттанады, жұмыста бедел, өмірде ар мен намысты олжалануы, жоғарғы санат иегері атануы да қадірлі ҚазҰУ-дың арқасы деп біледі.

Ары қарай оқу >>

Көмірден крем жасауды қолға алған Қуаныш

01.05.2019

Қуаныш Тастамбек – биотехнология, медициналық биотехнология, экологиялық микробиология сынды бағыттарды зерттеген жас ғалым. Мұнаймен ластанған аудандарды биотехнологиялық әдіспен тазарту жолын ойлап тауып, көмірді микроорганизмдермен байыту арқылы биогумус пен биобайланыстырушы өндірген. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін Италияда халықаралық конференцияда қорғап, Ресей Федерациясының жас ғалымдарға арналған қысқы мектептің жеңімпазы, «Posko» Оңтүстік Корея Республикасының стипендиаты.

Ары қарай оқу >>

Талант пен талғам үйлессе...

01.05.2019

Сайлауханқызы Гүлшат,

                                                   журналистика, 201 топ.

 

                         Талант пен талғам үйлессе...

Журналист - бұл мамандық емес, бұл талант пен талғам. Осы екі құрамдас бөлікті біріктіре білген адам қоғам мен билік арасындағы байланыстырушы көпір ғана емес, өз ісінің нағыз маманы болмақ.

Ары қарай оқу >>

Қош келдік ҚазҰУ, қош көрдік журфак!

01.05.2019

Адамбек Альфия

201- топ

Қош келдік ҚазҰУ, қош көрдік журфак!

Өзім тілшілікке әуестеніп, журналист боламын деп ауыз көпсіткеніммен 10-сыныптан бастап қана газетке мақала бере бастадым. Бала кезгі арманның беліне балта шапқым келмеді, шын. Анамның «журналист болмай-ақ қоярсың» деген қарсылығына құтым қашып, «не де болса журналист болуға тиіспін» деп шорт кесетінмін. Асыл арман Алматыдағы ҚазҰУ-ға жетектеп алып келді. Журналистика факультетінің төрінде оқып жатқаныма 2 жыл бітпекке жақын. Қазірде «Ақжелкеннің» жас тілшісі, онша-мұнша жұмыстарда бәсекеге қабілетті болып қалғаныммен жас кездегі журналист қызды сағынады екенсің. Газетке деген 2-3 мақаламды қолтығыма қысып, шуууу деп Сарыағаштағы( ОҚО, Сарыағаш ауданы) аудандық газетке тартатынмын. Әріден бастайын.

Ары қарай оқу >>