ҚазҰУ 85 жыл

Бейсен Құранбекпен сұхбаттасып отырып, түсінгеніміз - әр жетістіктің артында үлкен еңбек жатыр.

25.05.2019

Белгілі ағылшын публицисті Томас Карлейль журналистерді «төртінші билік өкілі» деп атады. Бұл сөз журналистердің қоғамдағы орнын, ел алдындағы жауапкершілігін айғақтап тұр. Бірақ осы дәрежеге сай болу барлық БАҚ өкілдерінің қолынан келе бермейді. Себебі бұл үшін қоғамдағы түйткілдермен күресіп қана қоймай, халықтың оң бағасын алу парыз.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ- шуақты күндерімнің куәсі

17.05.2019

Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіндегі оқу үдерісі және тәлім-тәрбие жұмыстарымен өмір бойы айналысқан ғалым-ұстаздар Отанымыздың рухани құндылықтар құрамында бағаланады. Олар материалдық және мәдениет жетістіктерін жүзеге асыруға қосқан үлестерімен елімізге өнегелі тұлғалар қатарында дараланады. Осы қатарда Қазақстандағы жоғары білім беру ордасы, қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі, бүгінде аяулы ұстаз Ақмарал Тоқабаева бар. Бүгінде ҚазҰУ-ға – 85 жыл. Осыған орай, Ақмарал ханыммен университет қабырғасында өткен қызықты студенттік жылдары туралы әңгіме өрбіткен едік.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ төріндегі қастерлі Қара Шаңырақ

13.05.2019

     "Балам, мамандақ таңдау деген жар таңдаумен пара-пар. Мүлт кетуге болмайды. Әйтпесе, өмір бойына бармақ тістеумен боласың!"  Үйге кіріп келгенімде егде тартқан әкем мен он сегіздің сегізін әлі толтыра қоймаған ағамның арасындағы әңгіме еді бұл.

Ары қарай оқу >>

ОЛЖАС ҚАСЫМ, журналист, «ДАРЫН» мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері

12.05.2019

«ТАҢШОЛПАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ХАБАРШЫСЫ

 

1. Олжас аға, сіздің Qazaqstan Ұлттық арнасынан таратылатын таңғы көңілашар "ТАҢШОЛПАН" телебағдарламасының аға редакторы ретінде көпшілігіміз танимыз, бірақ білімді, қарапайым жігіттің кім екені көпшілікке қызық. Өзіңіз туралы тарқата айтып берсеңіз?

Ары қарай оқу >>

Журналист, жазушы Өміржан Әбдіхалықпен сұхбат

11.05.2019

ЕГЕР ЖУРНАЛИСТ БОЛМАҒАНДА, КИНОРЕЖИССЕР БОЛАР ЕДІМ

-Өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтсаңыз?

Моңғолияда туғанмын,Моңғолияның Қолда деген аймағында туғанмын.1993 жылы көшіп келгенбіз. Тәуелсіздік алған соң шетелдегі қазақтарды шақырдық, тарихи отандарды, сол кезде көшіп келгенбіз. Мен моңғолиядан 13 жасымда көшіп келгенбіз, 5 сынып бітіріп сосын Павлодар облысы, Май ауданы, баяғыда Кирв деген совхоз болатын Малайсары атындағы аудан бар, сол жерден көшіп келгенбіз. Сол жерде мектеп бітірдім. Сосын Алматыға келіп журналистикаға түсіп, содан осында қалдымғой.

Ары қарай оқу >>

"Балалық шақтың есте қалмауы – демек ең бастысы есіңде жоқ деген сөз.

08.05.2019

Балалық шақта кейіндеу өзің түсетін бір жол ғана емес, барлық жолдың сорабы көрініп тұрады. Балалық шаққа қайта орала алатын адамды мойын жіпке матап тастамау керек" – дейді, А.Раевский. Ал, Бейбіт Сарыбайдың балалық шағы қалай өтті?

Ары қарай оқу >>