Қуаш Раида

Мен Қуаш РаидаҚазақ Ұлттық Университеті филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студентімін. Мен Қытайдан Қазақстанға келіп ҚазҰУ-да білім алып жатқаныма 4 жыл болды. Қазақстан бойынша ең үздік университетінде оқып жатқаныма өте  қуаныштымын. 4 миллион қоры бар кітапханасы орта азиядағы ең ірі кітапхана. Бұл кітапханада білім нәрімен сусындап жүрмін. Осы ордада білім алып жүрген мен келешегімнің жарқын боларына сенемін. ҚазҰУ-армандар мекені.