01.04.2019

01.04.2019

Көрулер: 2673

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Биыл корейтану бөлімі бойынша Республикалық олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 27 студенті қатысты.

Алматы қаласындағы Корея Республикасы Бас консулдығының вице-консулы Ли Джун Хо мен Алматы қаласындағы Корея Республикасы Білім беру орталығы директорының орынбасары Ким Су Ен билік еткен қазылар алқасы олимпиада қатысушыларының жауаптарын мұқият тексеріп, зор ынтамен тыңдап, еңбектерін бағалады. Екі кезеңді қорытындылай келе, олимпиада қатысушыларына 3 жүлделі орын бекітілді. Бірінші жоғары жүлделі орынды өзінің озық білімін көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенті Айжан Қайырғалиева иеленді. Екінші орынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенттері Әйгерім Сайлаукенова мен Меруерт Серік ие болса, үшінші орынды 3 студент – Л.Н.Гумилев атындаы ЕҰУ-дың 2 курс студенті Анель Тоқтарбекова мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенттері Гауһар Өтеген мен Құндыз Тұрысмағанбетова  бөлісті. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, оларға демеушілер тағайындаған ақшалай сыйлықтар табыс етілді.