БАҚ-тағы жарияланымдар

"Алматы ақшамы" газеті

17.05.2019

Біз – бәсекеге қабілеттіміз!

Кез-келген мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақты дамуы ұлттық адами капитал көрсеткіштеріне тәуелді және әлемдік экономика дамуының тенденциясы да уақыт өте келе осы тәуелділіктің тек одан әрі нығая түсетінін көрсетеді. Адами капиталдың сапасын арттыру мәселесін шешу білім беру жүйесіне, оның ішінде жоғары оқу орындарына тікелей байланыс­ты. Өйткені, жоғары оқу орындарының басты мақсаты – өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгетін, білімді жастарды тәрбиелеу. Осындай білімді жастарымыз Қазақстандағы білім мен ғылымның қарашаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен жыл сайын түлеп ұшады.

Ары қарай оқу >>

www.alashgazeti.kz

08.05.2019

Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ

15.02.2019

20 000-нан астам студент білім алып, 1500-ден астам оқытушы дәріс жүргізетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына биыл 85 жыл толып отыр. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов университеттің аталмыш мерейтойымен құттықтай отыра, өзінің «Биік асулар жолында» атты мақаласында былай деді: «Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Сол күні оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылып, алғашқы студенттерді қабылдау басталды. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына аса зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды».

Ары қарай оқу >>

www.ripkso.kz

08.05.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің ашылғанына 85 жыл

15.01.2019

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған оқу ордасы.  Атаулы күнге орай, 2019 жылы 15қаңтарда «Өрлеу» БАҰО   АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институның мұражай бөлімі көрме ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

mezgil.kz

08.05.2019

Қара шаңырақ - ҚазҰУ.

24.04.2019

1934 жылы ірге тасы қаланған бұл университет бүгінде қазақ жоғары оқу орындарының альма-матеріне айналды.

Ары қарай оқу >>

shugyla-raduga.kz

08.05.2019

ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені.

17.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстандағы ең ауқымды, көшбасшы университеттердің бірі. Биыл университетке 85 жыл толып отыр. Оқу ордасында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.

Ары қарай оқу >>

turkystan.kz

08.05.2019

Білімнің қара шаңырағы.

16.04.2019

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Кезінде осы бір керемет кезеңнің табалдырығын аттап, балалық шақпен қоштасып, жаңа бір белеске аяқ басқан болғанбыз.

Ары қарай оқу >>

massaget.kz

08.05.2019

ҚазҰУ-ым киелі мекенім

09.04.2019

Талай  алтын ұя мектебінен түлеп ұшқан түлектердің  асқақ арманына айналған  әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білімгері  атану  мүмкіндігі бұйырды.  Алғаш келген кезімде атына заты сай, тарихқа толы қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алған болатын. Білектегі күшіне емес,біліміне, дарыны мен өнеріне сенетін ізденімпаз жастардың ордасында жаңа өмірге араласып, студенттік өмірім басталып та кетті.

Ары қарай оқу >>

"semeyainasy.kz" ақпарат агенттігі

08.05.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 85 жыл

11.04.2019

Қазақстан Республикасының көне классикалық және алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің негізі қаланғанына 85 жыл. Осы уақыт аралығында университет Қазақстанның экономика, саясат, білім және ғылым, мәдениет сынды салаларын дамытуға зор үлесін қосып, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды  дайындайтын ұлы мекенге айналған. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев сынды отандық ғылымның көрнекті өкілдері дәріс оқыған білім ордасы.

Ары қарай оқу >>

"Нұрлы өлке" қоғамдық-саяси газеті

08.05.2019

ҚазҰУ - білім алудың жаңа мүмкіндіктері

28.03.2019

ҚазҰУ - білім алудың жаңа мүмкіндіктері. Білім беру саласында орын алып жатқан өзгерістердің көптігі мектеп түлектерінің өздерін де, олардың ата-аналарын да үлкен таңдау жасауға мәжбүр етеді. Әртүрлі салада маман болуға шақырған хабарландырулардың көп екендігі де анық. Мемлекет грант ұсынған мамандықтар түрі мен саны қаншалықты көп болса, грантқа ілінбегендер үшін де таңдау мүмкіндігі жоғары.

Ары қарай оқу >>