«Қоқыс дерті – ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағаты
Көрулер: 1136
туденттер арасындағы экологиялық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында география және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, «Экология» мамандығының 1-курс магистранттары Ахметжанова Диана, Даниярқызы Индира, Бидар Шабир Ахмадтың ұйымдастыруымен «Қоқыс дерті – ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға «География» мамандығының 1-курс студенттері қатысты. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты студенттердің тұрмыстық қалдықтар проблемасы және оларды қайта өңдеу, қайта пайдалану әдістері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету болып табылады.
Ашық сабақ аясында студенттер өз ойларымен бөлісіп, қоқыс проблемасы және олардың шешу жолдарына жан жақты талқылау жүргізді. Жастарға жақын платформаларда, атап айтқанда Kahoot қосымшасында викторина өткізілді, оның қорытындысы бойынша топ-студенттер эко-шоппер түріндегі "экологиялық" сыйлықтармен марапатталды. Жастрады экологияға баулау мақсатында Tiktok желісін пайдалана отырып, студенттер қоқыс проблемасына арналған бейнежазбалар түсірді.