Зиянды әдеттер және олардың алдын алу” атты ашық тәрбие сағаты

29.04.2022

Көрулер: 1269

2022 жылдың 11 сәуір күні сағат 17:00 де ZOOM платформасында тұрақты даму және Юнеско кафедрасының 3 курс ӨТҚ және ҚОҚ мамандығының 1-2 тобы студенттерімен «Экология» мамандығының 1 курс магистранты арасында “Зиянды әдеттер және олардың алдын алу” тақырыбында Кафедра оқытушыларының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатымыздың мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақ болып өсуіне ықпал жасау.Ең бастысы күнделікті көріп, санамызға сіңіп кеткен, наркотик, маскүнемдік сынды зиянды заттардың алдын алып және олардың қандай жағдайға апаратынымен таныс болу. Осыған орай, бүгінгі тәрбие сағатымызда зиянды заттардың денсаулыққа әсерін түсіндіріп, олардан келетін аурулардың, адам өмірі үшін қаншалықты қауіптілігін түсіндіріп, студенттер арасында терең мағұлмат берілді. Осы орайда студенттер де зиянды әдеттер жайлы жаңа мәліметтермен танысып, пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатында салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану, таза ауамен тыныс алу, көңілді жүрудің пайдасымен де танысты. Тәрбие сағатымызда кафедра оқытушылары да сөз сөйлеп, студерттермен сұрақ-жауап алмасты. Отанымыз Қазақстанды көркейтуге әрбір азаматымыздың денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуы керек деген ниетте тәрбие сағатымыз аяқталды.