Университетте жасыл бастамаларды ілгерілету» кураторлық сағаты

29.04.2022

Көрулер: 1057

27 сәуір күні "Экология" мамандығының 3 курс студенттері «Университетте жасыл бастамаларды ілгерілету» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта «Геоэкология», «Экология» мамандығының студенттері қатысты. Осы іс-шара барысында студент Муканова Бэлла курстастарымен жастарға мүмкіндік беретін Қазақстандағы ұйымдар туралы ақпаратпен бөлісті: жаңа тәжірибе алу және табиғатты қорғау қызметі саласында пайдалы байланыстарды арттыру.

Кураторлық сағаттың қорытындысы бойынша студенттер факультетте қалдықтарды сұрыптау бойынша бастама жасамақ. Оң нәтиже болған жағдайда жастар қайталама шикізатты жинау және оны қайта өңдеуге жіберу үшін ыңғайлы инфрақұрылымды енгізуге ниетті.

Куратор-эдвайзер-Рысмағамбетова А. А.