Ашық кураторлық сабақ «Студенттің экологиялық мәдениетін қалыптастыру»

24.03.2022

Көрулер: 1232

 

География және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 1,2 курс эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен 17.03.2022ж. «Студенттің экологиялық мәдениетін қалыптастыру» атты іс-шара өтті. Іс шараға «Экология», «Геоэкология», «Экологиялық инженеринг», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1,2 курс студенттері қатысты. Іс шараның мақсаты: табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында студенттердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Студенттер тақырып аясында өз замандастарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қоқыстардан қорғауға шақыра отырып өз ойларын көрініспен бимен және викториналық сұрақтар арқылы жеткізді.