Ашық кураторлық сабақ «Әлемді тербеткен - Ана»

09.03.2022

Көрулер: 1208

«Экология», ҚОҚ және ӨТҚ мамандығының 2 курс студенттерімен 8 – наурыз  «Халықаралық аналар күніне» орай «Әлемді тербеткен - Ана» тақырыбында ашық кураторлық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін көрсете отырып, әр отбасындағы әжелер, аналар мен қыздарымызды сыйлаудың және құрметтеуің қаншалықты маңызды екендігі жайлы айтылды. Сонымен бірге,  студенттер кафедраның нәзік жанды оқытушыларына әзірлеген құттықтау өлең шумақтар мен тілектерін айтып, ізгі ниеттерін білдірді.

Ұйымдастырушы: «Экология», ҚОҚ және ӨТҚ мамандықтарының куратор-эдвайзері Ошақбай А.А.