Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! атты ашық кураторлық сабақ

17.12.2021

Көрулер: 1274

География және табиғатты пайдалану факультеті, «6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс студенттері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне» орай "Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" тақырыбына орай онлайн іс-шара өткізіді.

Шараның басты мақсаты: Жас буынның бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастар құрбандыққа барып, егеменді ел болдық.

1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Мінеки, кезекті кураторлық сабағымызды алға тарта отырып, ел болғандығымыздың 30 жылдық тарихымызды саралай отырып, 35 жылдың да әсерін тайға таңба басқандай тиек етіп, болашақ буынның есінде мәңгілік қалатындай әсер қалдыра білдік. Осы, орайда барлық студенттер жұмыла қатысып, өз ойларын ортаға шығарып, мерекеге сай, жыр-шумақтарын ақтарып, видео көрсетілім көрсетіліп, батыр аға-апаларымызды сағына еске алдық. Осылайша, еліміз үшін өз басын қауіп-қатерге тіккен боздақтарымызды мәңгілік есте сақтап, есімдерін ұлықтап,бас иіп өтеміз.

                                                                                                                                                           Эдвайзер                                    Б.Еділбаев