Ашық кураторлық сағат «Жастар СПИДке қарсы!»

12.12.2021

Көрулер: 1584

4 курс 1 топ 5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және Қоршаған ортаны қорғау» мамандығы «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы

Эдвайзер- Бергенева Н.С.

Тәрбие сағатының мақсаты:  студенттерді СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қолданылған әдістер: Дөңгелек ұстел түрінде өткен сабақта пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдістері, презентация қолданылды.

Шараға қалалық СПИД орталығынан дәрігер-эпидемиолог Усенқұл Мадина шақырылды. Бұл шарада қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын СПИД дерті жайлы сөз болды. Дөңгелек ұстелде СПИД - тің пайда болуы, таралу жолдары, аурудың зиян екені түсіндірілді. Бұл студенттер арасында пікірталас туғызды.