«Наурыз – жыл басы!» атты ашық сабақ
Көрулер: 1682
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2021 жылдың 17 наурыз күні сағат 12:00 де ZOOM платформасында «Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранттары және «Экология» «6В05202» 2 курс студенттері арасында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – жыл басы!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Құрметті әріптестер, достар мен серіктестер! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мерекесі – ағаш бүршіктеп, төрт түлік мал төлдейтін, аң-құстың тұқымы өрбіп, ұлы табиғат жаңаратын жыл басы, көктем мерекесі. Осы орайда студенттердің наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендері толықтырылды. Мерекенің тарихынан басталып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәліметтер айтылды.
Тәрбие сағатымыздың басты идеясы: кезінде ұмытылған халықтық мейрамды қайта жандандыру, яғни мейрамның рухани қуатын тәрбие, тәлім арнасына айналдыру, жастардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін құнарландыру болып табылады.
Тәрбие сағатын ұйымдастырушылар:
«Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранттары Назерке Бейсекина және Алем Рахимбаев.
Тәрбие сағатына атсалысқан «Экология» «6В05202» 2 курс студенттеріне алғысымызды білдіреміз.