«Еркіндікті аңсаған Алаш» атты ашық сабақ

01.04.2021

Көрулер: 1607

 

«Рухани жаңғыру» аясында 2021 жылдың 25 наурыз күні сағат 13:00 де ZOOM платформасында «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» «7М05209» мамандығының 1 курс магистранттары және «Экология» «5В060800» мамандығының 1 курс студенттері арасында «Еркіндікті аңсаған Алаш» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

 

Тәрбие сағатымыздың мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін, егемен ел болу жолында жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық – саяси қызметі туралы түсінік беру, Алаш партиясы бағдарламасын баяндап, Алаш партиясы тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау. Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі мысалында студенттердің патриоттық, ар-намыс, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

 

Тәрбие сағатын ұйымдастырушылар:

 «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» «7М05209» мамандығының 1 курс магистранттары Ұлдақанова Аружан және Абдулла Асель

Тәрбие сағатына атсалысқан «Экология» «5В060800» мамандығының 1 курс студенттеріне алғысымызды білдіреміз.