«Жыр алыбы - Жамбыл» атты ашық сабақ

30.03.2021

Көрулер: 1804

 

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 2021 жылдың 30 наурыз күні сағат 11:00 де ZOOM платформасында «Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранты және «Экология» «5B060800» 3 курс студенттері арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатымыздың мақсаты: студенттерді Ұлы Ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен, соғыс жылдарындағы өлеңдердің тақырыбы мен идеялық мазмұнымен таныстыру. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметі мысалында студенттердің патриоттық, ар-намыс, адамгершілік сезімдерін, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық қиялын дамытуға, ұлттық көркемдік дәстүрге қатысуға деген ұмтылысын арттыруға ықпал ете отырып, еліміздің тарихи және мәдени мұрасы туралы білімдерін байыту.

 

Тәрбие сағатын ұйымдастырушы:

 

«Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығының 1 курс магистранты Дарубай Меруерт.

 

Тәрбие сағатына атсалысқан «Экология» «5B060800» 3 курс студенттеріне алғысымызды білдіреміз.