ЖШС "Экосервис-С" кездесу

19.10.2020

Көрулер: 1397

2020 жылдың 16 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ПОҚ, атап айтқанда кафедра меңгерушісі Т.А. Базарбаева, доцент Р.А. Алыбаева, оқытушы А.А. Ошақбай "Экосервис-С" ЖШС филиалының басшылығымен С.А. Асқаровпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде филиалдың оқу-әдістемелік, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми бағыттар бойынша жұмыстары, магистранттардың тәжірибеден өтуі және бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ ПОҚ мен магистранттардың ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігін қарастыру бойынша жұмыс жоспары талқыланды.

Ғылыми зерттеулер жобалары бойынша ғылыми тәлімгерлікті дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде ғылым мен инновациялық өндірістің интеграциясына атсалысу мәселесі қаралды.

 

  Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушысы Ошақбай А.А.