Түлектер кездесуі

30.05.2020

Көрулер: 2261

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына ұштасқан «ҚазҰУ Түлектерінің күніне» байланысты онлайн кездесуі бойынша пресс-релиз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша Түлектер күні биыл «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасына ерекше.Біріншіден - ҚазҰУ-дың барша түлектеріне арналған салтанатты шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналады, екіншіден – кафедраның 2015 жылғы алғашқы түлектерінің 5-жылдық мерейтойы.

Бағдарламаға кафедраның барлық жетекші профессорлары мен оқытушылары және ғылыми қызметкерлері, «Экология» және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 2015 жылғы алғашқы түлектері, сондай-ақ студенттер қатысты – барлығы 27 адам.

 Онлайн-конференция бағдарламасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанұлыжәне ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, з.ғ.д., профессор, заң факультетінің 1981 жылғы түлегі Қайрат Әбдіразақұлының құттықтауымен ашылды.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Қауымдастығының «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндік» жобасын ортаға салып талқыланды. Кафедраның профессор м.а. Батыргелді Ерденұлы бұл жобаның теория мен практиканы байланыстыруда түлектер өз тәжірибесімен бөлісіп, білімгерлерге мақсаттарын тұжырамдап, оқу барысында және ҚазҰУ-да білім алуын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басқанда лайықты кәсіп таңдауларына көмектесетіндігін атап өтті. Кездесуге қатысушылардың бәрі бұл жобаны қолдайтындығын және оны ары қарай дамытуда өз үлестерін қосатындығын айтып өтті.

Университеттің және кафедраның тарихы мен жетістіктері жайлы презентациямен кафедра меңгерушісі Тұрсынкүл Амангелдіқызы таныстырып түлектерді бір желпіндіріп тастады. Кафедра түлектерінің осы іс-шараға ат салысып «ұстаздарға деген сағыныш пен лебіз» және «Ұстаздарға жалынды Сәлем» атты бейне-роликтері үшін үлкен алғысын білдіре отырып, биылғы бітіруші түлектерге сәттілік тіледі.  

Келесі құттықтау сөзін алған «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» - мамандығының негізін қалаушы - Бергенева Нұргүл Сагиевна біздің кафедраның бітіруші түлектері қазіргі таңда жан-жақты өз саласында қызмет атқарып келе жатқанын айта келе, түлектерімізге кафедра студенттерімен тығыз байланыс орнатып олардың кәсіби тәжірибесінің сапасын сақтауға және арттыруға ат салысуды өтінді.

Отырыс барысында сөз алған біздің алғашқы түлектеріміз «Тенгизшевройл» компаниясының экологы Сейтмаганбетова Гульзара, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Утегенова Айдана, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Каримқызы Гакку, ҚазҰУ жасыл технологиялар саласындағы маманы Айдарханұлы Серіхандар- сәлемдесу мен құттықтауларын өздеріне білім және ғылыммен сусындатқан ұстаздарға арнады. Алған білімдерінің тәжірибе жүзінде азық болғандығын, біздің университеттің берген білімінің жоғарғы деңгейде екендігін баса айтты.

Онлайн-кездесуде барлық қатысушылар алғыс тілектерімен, ой пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісе отырыпіс-шараны «Армандастар» ән-құттықтаумен қорытындылады.

Өткізілген іс-шараны төмендегі сілтемелер арқылы көруге болады:

https://youtu.be/Ckngn61kJ2I;    https://youtu.be/aJN04COUUZc.