Республикалық студенттік пәндік олимпиада

30.03.2019

Көрулер: 2326

27.03.2019-29.03.2019 жж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінде «5B060800 – Экология» мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. «5В060800 – Экология» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінің байқаулық комиссия мүшелеріне базалық ЖОО ректорының 2019 жылдың 28 ақпан №66 хаттамасы бұйрығымен 7 комиссия мүшелері бекітілді. Конкурстық комиссиясының мәжілісіне 8 адам қатысты. Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға 20 команда ұсыныс жасады.

Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2 кезеңнен тұрды:

І кезең «Теориялық тапсырмалар» - тест (20 тест сұрақтар) және есептер (5 есептер), 100 мин.;

ІІ кезең «Жоба дайындау» - Өзіндік жұмыс – «Өз аймағыңыздағы биоалуантүрліліктің жағдайын экологиялық бағалау оны сақтау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар» тақырыбында жобаны баяндау (әр командаға 10 минут.

Әр кезеңнің нәтижесі жиынтық хаттамаға енгізілді. Осы құжаттар бойынша ең үлкен балл жинаған командалардың жүлделі орындары анықталды.