«Невада-семей» қозғалысына – 30 жыл
Көрулер: 2392
28.02.2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған ауқымды шара өтті. Жиын жұмысына «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті, Халық жазушысы әрі ақын, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, Мұрат Әуезов, антиядролық қозғалыстың ардагерлері Майдан Әбішев, Амангелді Мұстафин, Людмила Прус, Гүлдана Нұрпейісова, Күләш Басыбекова, Рүстем Тұрсынбаев, Валерий Жандаулетов, Гүлсім Сүлейменова, Виктор Инюшин, Эфим Зуслин, Зинайда Бегненко, Республикалық ұланының қолбасшысы Амангелді Шабдарбаев және ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар қанаты мен белсенді студенттер, Алматы қаласының жастар ұйымының өкілдері қатысты. Жиында ҚазҰУ жастары атынан география және табиғатты пайдалану факультетінің докторанты, ҚазҰУ-дағы «Невада-Семей» жастар ұйымының төрайымы Гүлжанат Танабекова қозғалыстың жұмысы үшін Олжас Сүлейменов пен барша «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері мен мүшелеріне жастар атынан зор алғысын білдірді.Кездесу соңында Олжас Сүлейменовке арнайы сый-сияпат беріліп, барлық жиналған қауым естелік суретке түсті.