Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бару

16.02.2019

Көрулер: 2629

ҚАзҰУ студенттері тек білім алып ғана қоймай, бос уақыттарын әрдайым тиімді пайдалануға тырысады. 2019 жылдың 15 ақпанында география және табиғатты пайдалану факультеті, ЮНЕСКО бойынша Тұрақты даму кафедрасының "Экология" мамандығының бірінші курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды. Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесі күні А. Толстойдың «Алтын кілт» пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кескен болатын. Қойылым біткен соң, студенттер естелікке суретке түсті.