"Кітап-асыл мұра" атты ашық тәрбие сағаты
Көрулер: 2582
04.04.2019 жылы Экология мамандығының екінші курс студенттері «100 кітап» жобасының аясында кафедра меңгерушісі Базарбаева Т:А., оқытушылар Оразбаев Ә.Е., Минжанова Г.М., Мұқанова Г.А. қатысуымен «Кiтап-асыл мұра атты» ашық сабақ өткiздi. Ашық сабақта студенттер үлгі алатын Жазушылар Одағының мүшелері Камила Құдабаева мен Тұрсынхан Шалдыбекқызы келіп қатысып, өз ойларын айтып, студенттерді ынталандырып кетті. Өткізген сабақтың басты мақсаты - кiтап пен электронды кiтаптың қай түрі ыңғайлы және сiзге қай түрі қолайлы деген сұрақпен студенттерден сауалнама алынды. Сауалнама арқылы студенттер өз ойларын білдіріп, көзқарастарын топ ортасында талқылады. Топтың ортасында да осы сұрақтарды студенттер өздеріне қойып дебат өткiзді. Екi топқа бөлiнiп, бiр топ модерн болса, екiншi топ классика болды. Бұл дегеніміз,бiрi кiтаптi, екiншiсi электронды нұсқаны қолдады. Әр студент өз ойларын ашық түрде жеткiзе бiлдi. Сол арқылы қай түрi оларға тиiмдi екенiн айқындады. Сабақтың соңында Камила Құдабаева мен Тұрсынхан Шалдыбекқызының ақыл-кеңестерiн және қандай кiтаптi қолданған ыңғайлы екенiн айтты. Камила Құдабаева өзінің қолтаңбасы мен ізгі тілегі жазылған кітабын студенттерге тарту етті