«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясы

21.04.2019

Көрулер: 2871

«Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде «Парктер шеруі-2019» халықаралық экологиялық табиғатты қорғау акциясы аясында 2019 жылдың 20 сәуірінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясын өткізді. Дәстүрге айналған бұл акцияның мақсаты - табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін, үкіметтік емес ұйымдарды мен жастар бірлестіктерін осы акцияға тарту арқылы халық арасында орманға жанашырлықпен қарауды насихаттау. Осы акцияның бағдарламасына сәйкес, Медеу филиалы, Каменка орман шаруашылығы, Бутаковка сайында 2000 дана 4 жылдық Шренк шыршасы және 300 дана жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияның ашылу салтанаты 10:00-де басталды. Одан кейін 11:00-де ағаш көшеттері отырғызылды. Осы акцияға Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының «Экология» мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Байсейтов Дәуренмен бірге барып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, ағаш көшеттерін отырғызып қайтты. Көшет отырғызу аяқталған соң, пикник ұйымдастырылды. Одан соң акцияны ұйымдастырушылар аталған акцияны қорытындылап, аталған шараға қатысушы топтарды, жеке адамдарға үлкен алғыс айтып, мақтау қағазымен марапаттады. Аталған акциядан кафедрамыздың студенттері үлкен ой түйіп, табиғатты қорғауға өзіндік үлестерін қосқандарына қуанды.